Алмалы ауданы тұрғындарының айтуынша, Бостандық ауданындағы спорт сарайының жанында орналасқан Promenade сауда орталығына Қаңтар оқиғасынан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ғимаратта "Кіруге тыйым салынған" деген жазу бар.

Қала әкімі Promenade сауда орталығы модернизацияланып жатқанын айтты.

"Оның иелері маған алдын ала жобаны көрсетті. Қазіргі уақытта олар танымал фуд-холл форматын негізге алды және дизайнды таңдауға дайын. Сол маңда Спорт сарайы мен Орталық стадион орналасқан. Жоба жақсы. Енді олар қажетті құжаттарды жинап, қала кеңесіне барады. Ол жерде қала тұрғындарын да, туристерді де тартатын жаңа нысан пайда болады деп ойлаймын. Бұл идеяны қолдадым. Келесі жылы осы идея бойынша жұмыс басталады", – деді Ерболат Досаев.

Фудхоллдар – бұл арзан бағада дәмді әрі сапалы тағамдарды жеуге болатын мейрамханалар топтамасы.


Оқу  отырыңыз: Жұмыс берушілердің 23 пайызы қаңтар оқиғасы қызметкерлерінің жұмыс қабілетіне теріс әсер еткенін айтты.