Алматыдағы жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті
Үш ересек адам мен бес бала ауруханаға жатқызылды.Түнгі сағат 01:00-ден бастап таңертеңге дейін Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"Олар қаланың стационарларына жеткізілді. 44 адамның 34-і – ересек адам, 3-еуі емдеуге жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і емдеуге жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Смайылов Алматыдағы жер сілкінісі туралы: Уақытылы ескертпеудің салдарынан адамдар терезеден секірді
Барлық пациенттер қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.