Алматыдағы әл-Фараби даңғылында уақытша кері және екі жолақты қозғалыс болады
Әл-Фараби даңғылында 12-13 шілде аралығында жол жүру бағыты өзгереді.Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12-13 шілде аралығында мынадай шаралар қабылданады:
- 12 шілде сағат 06.00-ден бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдары бұрылады;
- сағат 06.00-ден бастап сағат 15.00-ге дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс болады.
- сағат 15-00-ден бастап 21-00 сағатқа дейін батыс бағытта екі жолақты, шығыс бағытта бір жолақты қозғалыс болады.
Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21-00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлік солтүстік бағытқа бұрылып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен тоқтайды.
"Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік 6 экипажы қарастырылған, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м). Әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу "Есентай-Молл" Оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұрады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қозғалыс шектеледі