Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді.

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 22 ақпанда сағат. 00:26-да жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында – афтершок.Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрілігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.


Оқи отырыңыз: Жер сілкінгенде үйде, көшеде және көлікте қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет