Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларын қабылдады.

Мәселен, тарихи орталықта егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша жаяу жүргіншілер үшін қалпына келтіріледі, ал қалған аудандарда жаяу жүргіншілер байланысы жүйесі жолға қойылады - 2030 жылға қарай Алматыда қосымша 200 км жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар құрылады.

Жалпы, егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша Медеу шатқалы, Баум тоғайы, Сайран көлі, Боралдай тоғандары, Іле-Алатау табиғи паркінің аумағы және т.б. табиғи кешендер арасында жасыл дәліздер құру көзделген.

"Бұл үшін Үлкен және Кіші Алматы, Есентай жағалауларын абаттандыру және көгалдандыру аяқталып, ҮАК бойында демалыс аймағы және басқа да жасыл дәліздер құрылады. Орман-саябақ аймағы Көкқайнар кентінің шығысында, Шаңырақ 1 және 2 шағын аудандары арасындағы сайда, «Батыс» полиорталығында – жаңа желілік саябақта пайда болуға тиіс. Құлжа күре жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысы ауданында (әуежайға барар жолда) көлемі 120 га көл мен екі өзені бар табиғи аумақты абаттандыру жалғасады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Ең ластанған елдердің антирейтингінде Қазақстан 30-орында


Бұған қоса, Алматының кешенді көлік схемасын әзірлеу аясында велосипед көлігі инфрақұрылымын дамытудың нақты бағдарламасы қалыптастырылып жатыр. Велоинфрақұрылымды кеңейту бойынша жобалар биыл жүзеге асырыла бастайды. 2024 жылы шамамен 20 км көше үшін жобаларды әзірлеу және іске асыру жоспарланған.