Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 347 қару ұрланды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

"5 қаңтарда террористер бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. Олар қару-жарақ пен оқ-дәріге ие болды. 1 347 қару ұрланған: 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газ травматикалық қару. Арнайы операция барысында 127 қару-жарақ, әртүрлі калибрдің 2 800 патроны, сондай-ақ оқ-дәрі мен басқа да құралдар алынды. Мыңнан астам қару-жарақ әлі табылмады", – деді департамент басшысы.

Қанат Таймерденов мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткенін мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 149 адам, оның ішінде 11 құқық қорғау саласының қызметкері қаза тапқан. Тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданған. Оның 163-і – полицияның қызметтік көлігі.

Еске сала кетсек, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын хабарлады.