Алматыда тағы бір студент қайтыс болды. Бұл туралы Almaty Management University баспасөз қызметі хабарлады.

"Университет студентінің қайтыс болғаны туралы қайғырып хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына толық жәрдем көрсетеді", – деп хабарлады Almaty Management University.

Алматы қаласы Полиция департаменті студент өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады қалалық ПД.