Алматыда "Сергек" камерасы орнатылған патрульдік көліктер көбейеді
2023 жылдың тамызында "Сергек" камераларына түсетін ереже бұзушылықтардың тізімі айтарлықтай кеңейеді. Бұл туралы Kolesa.kz сайтына Алматы полиция департаменті хабарлаған.
Қазір Алматы көшелерінде төбесінде "Сергек" камерасы орнатылған 8 патрульдік көлік жүр. Олар жолда техникалық байқау немесе сақтандыру мерзімі өтіп кеткен, айыппұлдары төленбеген, сондай-ақ ұрланған, іздеуде жүрген немесе жалған нөмірмен жүрген көліктерді анықтай алады.
Ал 2023 жылдың тамыз айынан бастап "Сергек" камералары жолда кетіп бара жатқан көліктердің жылдамдығын өлшейді, тыйым салынған жерде тоқтағаны үшін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салатын болады. Жол жүру ережесін бұзу туралы барлық ақпарат дереу әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі жүйесіне жіберіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы 150 жаңа "Сергек" камераcы әлі жүйеге қосылмаған
Айта кетейік, қала полициясы патрульдік көліктің төбесіндегі камералардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.