Алматыда Құрманғазы көшесіндегі екі учаскедегі қозғалыс уақытша шектеледі
Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді.
11 сәуір сағат 9:00-ден 14 сәуір сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта Құрманғазы көшесі жабылады, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, көшенің бұл бөлігінде асфальт жабыны шөгуінің салдарын жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – делінген хабарламада.