Алматыда орталық кеден зертханасының басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Б. Әлібековті соттады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.