Алматыда мотоцикл қатысқан жол апаты салдарынан екі жол жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты 9 сәуірде сағат 01:30-да Алатау ауданында болды. Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Мотоцикл қозғалысын жалғастырып, жол үстінде тұрған үш жол жұмысшысын – екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен.

"Екі жаяу жүргінші – ер адамдар оқиға болған жерде қайтыс болды. Әйел адам қаланың бір ауруханасына жеткізілді. Екі адамның өліміне алып келген жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Алматы қаласының ПД басқармасы жүргізуде", – деп хабарлады полиция.


Оқи отырыңыз: Астанада жүк көлігі мектеп оқушысын қағып кетті