Қазақстанда Франция политехникалық университетінің филиалы ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qazaqstan арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.  

"Университет филиалы Алматы қаласында алдағы 2 жыл ішінде ашылады. Ең мықты еуропалық-техникалық білім алуға мүмкіндік ашамыз. Студенттер энергетика, коммуникация, биомедицина және генетика салалары бойынша терең білім алып шығады", – деді министр.


Оқи отырыңыз: