Алматыдағы АҚШ бас консулдығы режиссер Джефф Харасимовичтің Alaskan Nets деректі фильмінің көрсетілімін, сондай-ақ оның қоғамдық талқысын ұйымдастырды. 

Фильмді осы сілтеме арқылы өтіп, 8 желтоқсанға дейін онлайн тамашалауға болады. 

Фильм Алясканың оңтүстік-шығысын мекендейтін соңғы аляскалық тайпа Метлакатла жасөспірімдерінің өмірі мен ондағы баскетбол спортының алатын орны туралы баяндайды.

Фото: Алматыдағы АҚШ бас консулдығы

Талқыға режиссер Джефф Харасимович, баспагер Раиса Қадыр мен зерттеуші Жар Зардыхан және бақсалар қатысып, өз пікірін білдірді. Олар өзге қатысушылармен бірге АҚШ пен Қазақстан қоғамындағы ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды сақтау мәселесіне деген көзқарас, екі елде осы тақырыпта болып жатқан талқының ұқсас тұстарын іздеп, пікір алмасады.