15-16 қыркүйекте ҚМДБ "Халал Даму" стандарттау және сертификаттау орталығы Алматыдағы "Бақшасарай" қабылдау үйінде халал өнімдердің халықаралық Halal EXPO-2023 жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Көрме барысында келесі тауар түрлері ұсынылады: ет, құс, сүт, балық, бал, май өнімдері, кондитерлік және жартылай дайын өнімдер, косметика, шұжық, БАД, тағам қоспалары, гигиеналық жуғыш заттар, фаст-фуд, балмұздақ, сусын және басқалар.

Көрме барысында халықтың көзайымына айналған "Үздік кәсіпорындар" марапатталады.

"Бақшасарай" қабылдау үйінің мекенжайы: Тимирязев көшесі, 42.


Оқи отырыңыз: Өнімнің халал екенін анықтауға арналған Halal Guide қосымшасы іске қосылды