"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы мамырда іске қосылады
Жоба аясында биыл қаланың мың тұрғыны баспаналы болады.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттар мен өтініштерді қабылдау мамыр айына жоспарланған, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Жеңілдікпен несиелендіру бойынша "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы шеңберінде өтінімдер мен құжаттарды қабылдау нақты қашан басталатыны, бағдарламаның биылғы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпарат қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз:
- Ең төмен пайыз, ең ұзақ мерзімдер: мемлекеттік ипотекалардың толық тізімі
- Қазақстанда 5 пайыздық ипотекаға қалай қол жеткізуге болады?
Бағдарлама аясында биыл 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар:
- медицина қызметкерлері;
- мұғалімдер;
- ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
- мәдениет және спорт саласының қызметкерлері;
- журналистер;
- жазушылар;
- халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.
2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге арттырылды. Егер өтінім қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 млн теңгеге баспана алуға болады.