Алматыдағы жатақханадағы өртте қаза тапқандардың жеке тұлғалары анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қайтыс болған 13 адамның төртеуі – шетелдік (екеуі – Ресей азаматы, екеуі – Өзбекстан азаматы), тағы тоғызы – Қазақстан Республикасының азаматтары", – деп жазылған хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Оқи отырыңыз: Алматы хостеліндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды


Бұған дейін өрт болған жерге келген Алматы әкімі Ерболат Досаев алдын ала мәліметтерге сүйеніп, қаза тапқан 13 адамның екеуі ғана шетелдік: Ресей мен Өзбекстан азаматтары екенін айтты.