Алматы хостелінде өрттен қаза тапқандардың 11-і – Қазақстан азаматтары
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болғандардың 11-і – қазақстандық, біреуі – Өзбекстан, біреуі – Ресей (Саха республикасы) азаматы екенін айтты.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.
Сондай-ақ, і адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Науқастардың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.
Оқи отырыңыз: Алматы орталығында хостел өртеніп, 13 адам қайтыс болды