2 маусым күні зообақтағы ламалар – Дастан мен Марси жұбында кішкентай лама өмірге келді. Бұл туралы зообақтың Instagram парақшасында жазды.

"Біз оған Айшуақ деп ат қойдық. Түсі қызғылт сары, аспандағы айдың шуағындай болған соң осылай атадық. Оның көздері ерекше тұнық, кірпіктері де ұзын. Құлақтары үлкен, аяқтары жіңішке", – деп жазылған зообақтың Instagram парақшасында.

Айшуақ қазір өзін өте жақсы, сергек сезінеді. 

"Ламалар түрлі шөппен қоректенеді. Сұлы жармасын, картоп, сәбіз, қызылшаны да жақсы жейді. Сонымен қатар, олардың қоректеріне бор мен тұз қосып береміз. Айшуақ әлі де сүт емеді. Арасында үлкен ламалар сияқты шөп пен жеміс-көкөністердің дәмін татып жүр", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағында еліктің лағы өмірге келді.