Алматы облысының төрт тұрғынынан сібір жарасы анықталды: карантин жариялана ма
Барлық пациенттің жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесінде деп бағаланып отыр.Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті төрт жағдай тіркелді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы облысының әкімдігі бұл жағдайға байланысты ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу енгізілгенімен, карантин болмайтынын хабарлады.
"Ұйғыр ауданында, сібір жарасына күдікті жағдайлардың анықталуына байланысты, ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді. Карантин жарияланған жоқ", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға шектеу қойылды.
Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтындықтан, азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеулер қойылған жоқ.