Алматы облысының азаматтары Маңғыстауға 25 вагон жем-шөп жөнелтеді
Еңбекшіқазақ ауданының көмегі Шетпе бекетіне 10 тамызда жетуі тиіс.Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының азаматтары қуаңшылықтан қиналған Маңғыстауға 25 вагон жем-шөп жөнелтеді. Вагондар құрамы 30 шілде күні жолға шығып, жоспар бойынша 10 тамызда Маңғыстау облысының Шетпе бекетіне жетуі керек, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Аудан азаматтары жем-шөпті жинай бастағанына 10 күннен асты. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Бақыт Тушаевтың айтуынша, әр шаңырақ шамасы келгенше бірнеше түк шөп, қаппен кебек беріп, өз үлесін қосып жатыр.
"Көмек қолын созып жатқандар диқан не шаруалар емес, қарапайым ауыл азаматтары. Бұл көмек Үкіметтің қолдауынан кем емес", – дейді ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.
Алматы облысынан барған көмек мұқтаж жандар арасында теңдей бөлінуі үшін ауданнан 5 адам сайланып, аттанады. Олар жем-шөптің шаруаларға жетуін қадағалайды.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: