Алматы облысында Қазақстандағы ең қарт әже дауыс берді
Қария 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген.Қазақстандағы ең қарт адам, Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылының тұрғыны 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева сайлауда дауыс берді.
Нұржамал Мергенбаева 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен. Қазір қария төрт баладан 15 немере, 12 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр.
Сондай-ақ, бүгін Қонаев қаласындағы №397 учаскелік сайлау учаскесінің мүшелері зейнеткер Мұқсын Қалдыбаеваға тасымалданатын жәшік алып келді. Ғасырға келген азамат өз үйінде дауыс беру құқығын пайдаланып, жас ұрпақтың да сайлауда белсенділік танытатынына сенім білдірді.