Алматы облысында Дінмұхамед Қонаев мешіті салынады
Қонаев қаласында бой көтеретін мешіт 3 мың адамға арналады.Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында Дінмұхамед Қонаев мешіті салынады. Бұл туралы Қонаев қаласында "Қариялар – қазығы дәстүрімнің" тақырыбында өткен Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының ақсақалдар форумы аясында белгілі болды.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері 3 мың адамға арналған жаңа мешіттің жобасымен танысты.
Жазушы, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Смағұл Елубай жамағат игілігі үшін салынатын мешіт құрылысының жоспарланған уақытта бітуін Құдайдан тілеп, батасын берді.
Оқи отырыңыз:
- "Мешіт емес, мектеп салынсын". ҚМДБ өкілі желідегі пікірлерге жауап берді
- Алматы облысында имам шырақшының үйін меншігіне өткізіп алған ба?