Көлік прокуратурасы Алматы қаласының "Метрополитен" ШЖҚ КМК қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, метрополитен басшылығы салық шығындарын сауда алаңдарын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, ол үшін оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша салық төлемдерін жабу бөлігіндегі заңсыз талаптар келісімдерден алынып тасталды, ал кәсіпкерлерге 12,5 миллион теңге қайтарылды. Бұл әрекеттерден барлығы 11 кәсіпкер зардап шеккен болатын", – делінген хабарламада.

Көлік прокуратурасы байланыстары БКП-ның ресми сайтында орналастырылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтарға жүгіну мүмкіндігіне назар аударады.