Алматы мен Нұр-Сұлтанда шет тілі курстары 10 пайыз қымбаттады
Жалпы Қазақстан бойынша кәсіби оқыту курстарының бағасы 12,7% өсті.2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында қосымша білім беру нарығының көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,8% өсіп, 16,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады naryk.kz басылымы. Өткен жылдың үш тоқсанында көрсеткіш 3,5% азайып, 16,5 млрд теңгені құраған еді.
Өңірлер бойынша:
- Алматы – 6,3 млрд теңгеге (67% өсім) қызмет көрсетілген:
- Нұр-Сұлтан – 5,6 млрд теңге, 37,3% азайған;
- Атырау облысы – 1,3 млрд теңге, 2,1 есе өскен.
Ең аз қызмет – Шығыс Қазақстан облысында. Мұндағы көрсетілген қызмет көлемі бар болғаны 4,1 млн теңгені құрады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан ағылшын тілін ең төмен деңгейде білетін елдер қатарында – рейтинг
Өсім қарқыны бойынша көш басында – Түркістан облысы. Өңірдегі қызмет көрсету көлемі 2,7 есе өсіп, 277,6 млн теңгеге жетті. Ең көп төмендеген – Шығыс Қазақстан облысы, шамамен 17 есе азайған. Қосымша білім беру қызметінің басым бөлігін жеке білім беру ұйымдары көрсеткен – 11,2 млрд теңге. 4,9 млрд теңге мемлекеттік кәсіпорындарға тиесілі болса, 704,3 млн теңге шетелдік компанияларға тиесілі.
Шет тілі курстары бір жылда 4,6% қымбаттады. Соның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 10,1%;
- Алматыда – 9,5%;
- ШҚО-да 7,2% қымбаттады.