Алматыда сот Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге үкім шығарды. 

Үкім бойынша, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Қайрат Құдайберген Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша 8 жылға сотталып, қоғамдық және публицистикалық қызметпен айналысуға, шерулерге қатысуға, қоғамдық ұйымдарға мүше болуға тыйым салынады", – делінген сот үкімінде. 

Еске салайық, 2022 жылғы сәуірде Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайрат Құдайбергенге Қылмыстық кодекстің 272 бабының 1 және 2 бөлігі бойынша қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылды.


Оқи отырыңыз: Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды