Алматы көшелерінің бірінде белгісіз жалаңаш әйелдің денесі табылды
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Алматының Наурызбай ауданында киімсіз жатқан әйелдің денесі табылды.
Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Таусамалы ауылы, "Монтажник" СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды", – делінген жазбада.
Алматы қалалық полиция департаменті, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады полициядан.