Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлады қала әкімдігі.

"Мен қала маңына автобуспен жиі қатынаймын. Жастар қарт адамдарға, жүкті әйелдерге орын бермейтін жағдайды үнемі бақылап отырамын. Осы ретте орын беру жөнінде дыбыстық ескертуді жасауға бола ма?", – деп сұрады қала тұрғыны.

Әкім Ерболат Досаев қала тұрғынының сұрағына жауап берді.

"Осы бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізілуде. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық көлікте аялдамалардың атауын атайтын және қарттарға, жүкті әйелдерге, балалары бар жолаушыларға орын беруге шақыратын дыбыстық хабарлама жүйесі іске қосылады", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы №92 бағытта жаңа автобустар жолға шықты