Әлеуметтік азық-түлік тауарларына не жатады және олардың бағасы қалай өзгерді?
Баға туралы ақпарат апта сайын жаңарады.Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға өсті. Ал жылдық мәнде алғанда өсім 23,7 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Оның ішінде нан (0,3%), рожки (0,7%), сары май (0,7%), сиыр еті (0,3%), күріш (1,5%), пияз (2,3%), қырыққабат (3,4%), сүзбе (0,2%), картоп (0,6%), сәбіз (0,8%), тұз (0,5%), айранның (1,1%) бағасы өскен.
Бағаның өзгеруі туралы ақпарат апта сайын барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан жиналады.
Оқи отырыңыз: Ресейде пияз 500, Өзбекстанда 350 теңге. Қазақстанда да пияз бағасы өсе ме?
Еске салсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 тауар кіреді.
2023 жылғы 21 ақпандағы деректерге сүйенсек, 1 л өсімдік майының орташа бағасы – 903 теңге, 1 келі рожки – 309 теңге, 1 келі күріш – 376 теңге.