"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" қызметі eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметті келесі топтар қолдана алады:  

  • дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
  • қызмет көрсету саласының қызметкерлері, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;
  • қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері;
  • мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;
  • жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері;
  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
  • жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткер студенттер. 

"Қызмет көрсету нәтижесі №075-у нысанында берілген медициналық анықтама немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап болып табылады. Қызмет eGov.kz порталында "Азаматтарға" – "Денсаулық сақтау" – "Медициналық көмек" бөлімінде, eGov Mobile қосымшасында "Денсаулық сақтау" бөлімінде қолжетімді" делінген хабарламада.