Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, күн жылынады
Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы күндері елімізде аяздың беті қайтады.
Қазақстанның басым бөлігінде аяздың беті қайтып, аздаған қар жауып, күн жылына бастайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады: қар жауып, көктайғақ болады және жел мен бұрқасын күшейеді. Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оқи отырыңыз: 15 градусқа дейін жылынады: Ақпан айына арналған ауа райы болжамы