Алдағы күндері Қазақстанда қар мен жаңбыр жауады
Еліміздегі ауа райы циклонға байланысты болады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 6-8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Республиканың солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік бөлігінде жаңбыр мен ылғалды қар жауады, соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін.
"Сондай-ақ, қарлы боран, тұманмен бірге желдің күшеюі күтілуде. Температура фонында күрт өзгерістер болмайды", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның оңтүстік бөлігінде қатты жауын жауып, көктайғақ болады