Алаяқтар телемедицина құралдарынан науқастардың жеке мәліметтерін қалай ұрлайды?
2014 жылдан бастап MQTT хаттамасында 90 осалдық анықталған.2021 жылы науқастарды қашықтан бақылауға арналған құрылғылардан 33 олқылық табылды. Олардың ішінде 18-і адам үшін аса маңызды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 10 осалдыққа көп, деп хабарлады Kaspersky сарапшылары.
MQTT – тасушы құрылғылар мен датчиктерден деректерді беру үшін кеңінен таралған хаттама. Ол медицинада ғана емес, сондай-ақ, барлық гаджетте қолданылады. Мәліметтер сирек шифрланатындықтан, аталған хаттама шабуылға ұшырайды. Яғни адамға қатысты интернет арқылы берілетін кез келген деректі, медициналық құпия ақпаратты алуға болады.
"Пандемия ішінара бүкіл әлемдегі телемедицина нарығының катализаторына айналды. Өйткені, шектеулер жағдайында адамдар медициналық көмекті ең құрығанда қашықтан алуға мүмкіндік іздеді. Бірақ, телемедицина – бұл дәрігерлердің қашықтан кеңес беруі ғана емес, сонымен қатар тасушы құрылғылар мен жағдайды бақылауға арналған датчиктер сияқты элементтер. Олардың көмегі мол болғанымен, ақпарат қауіпсіздігі қамтылатынына ешкім кепілдік бере алмайды", – деді Kaspersky Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.
Оқи отырыңыз: МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?
2014 жылдан бастап MQTT хаттамасында 90 осалдық анықталды. Олардың көпшілігі үшін әлі де патчтер жоқ. Осы орайда, науқастардың дерегін қауіпсіз сақтау үшін Kaspersky телемедицина қызметтерінің өнім берушілеріне бірнеше кеңес берді:
- медициналық мекеме ұсынатын қосымшаның немесе құрылғының қауіпсіздік деңгейін тексеру;
- телемедицина үшін қосымшалармен берілетін деректер көлемін мүмкіндігінше барынша азайту;
- қалыбы бойынша орнатылған құпия сөздерді өзгерту және мүмкін болса шифрлауды қолдануды ұсынады.
Еске салсақ, ЖОО мен ҒЗИ-ның маман дайындауға қажетті 500-ден астам білім бағдарламасын жасайтыны туралы хабарлаған едік.