Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты талқылау барысында айыптаушы тарап сөз сөйледі.

Прокурор Айжан Аймағанова бұл қылмыс көптеген себептерге байланысты әділ үкімді күтіп отырған жұртшылықтың наразылығын тудырғанын баса айтты.

"Осында отырғандардың көбісі сияқты мен де Салтанатты танымаймын. Өкінішке орай, оны алдағы уақытта да тани алмаймын. Бірақ сот барысында біз Салтанат Нүкенованың жарық сәуленің нұрындай – ақжарқын, мейірімді қыз болғанын аңғардық. Алдын ала тергеу және сот тергеуі барысында Салтанаттың 2023 жылдың наурыз, сәуір, тамыз және қазан айларында азаптауға ұшырағаны анықталды", – деді Айжан Аймағанова.

Оның айтуынша, Бишімбаев әйелінің бойына өзін кінәлау сезімін оятып, соның салдарынан Салтанат  шешім қабылдай алмаған және онымен қарым-қатынасын толық үзе алмаған.

Прокурор мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырғанын атап өтті.

"Құрметті сот, құрметті алқабилер, мен бірінші рет ақылы бар, ал интеллектісі жұмыс істеп тұрған, сырттай қарағанда адам жақсы көрінетін жағдайға бірінші рет тап болдым. Бұл адамда басты нәрсе – жүрегі жоқ. Оның көзінен еш өкініш, мейірім, тәубе көрмедік", – дейі Айжан Аймағанова.

Оның айтуынша, Бишімбаев өлімге әкелетін қателік жасады: оның ұялы телефонынан 2023 жылдың 9 қарашасындағы видео табылған кезде оның кінәсіздігі туралы оның нұсқасы бірден ғайып болды. Прокурордың пайымдауынша, сотталушы ұялы телефонның құпия сөзін бер кезде өзі осы бейнежазбаларды түсіріп жатқанын ұмытып кеткен.


Оқи отырыңыз: Нүкенованы өлтіру: сот Байжановқа қатысты бір айып бойынша істі қысқартты


Аймағанова Бишімбаевтың Нүкенованы 10 сағаттай өлтіргенін атап өтті: түнде ол қызды ұрып-соға бастаған, содан кейін оны буындырған және медициналық көмек шақырмаған.

"Бишімбаевтың ерекше қатыгездігі: ол Салтанат өлім аузында жатқан кезде Насырбековамен кездесіп, басқа әйелдермен хат алысып, жұмыс бойынша нұсқау берген. Ақырында олар Байжановпен сол жерде кешкі ас ішті. Бұл – Бишімбаевтың басқа іс-әрекет түрлеріне ауыса алатындықтан өз ақылы өзінде екендігінің, өз әрекетін ажырата алатындығын көрсетеді. Насырбекованың сөзіне жүгінсек, ол біртүрлі мінез танытпаған. Жалпы үш адам Бишімбаевты 15-ке жуық рет жедел жәрдем шақыруға шақырған", – дейді Айжан Аймағанова.

Прокурор Бишімбаевтың әйелінің бұрынғы қарым-қатынастары болуы мүмкін деген ойға төтеп бере алмаған нарциссизмі мен қызғанышы Нүкенованың өмірінен өзімшілдігі мен менмендігін жоғары қоюға мүмкіндік беріп, оны кісі өлтіруге итермелейтініне сенімді.


Оқи отырыңыз: "Салтанат үшін – өмір бойына бас бостандығынан айырылсын": адвокат футболка киген адамдарды Астанадағы сот залынан шығуды сұрады


"Шетелде білім алған, жоғары білімді, бай-қуатты отбасында дүниеге келген азамат. Бұрынғы экономика министрі. Еліміздің бет-келбеті! Ол өз ісіне екі есе жауапты болуы керек", – деп атап өтті Айжан Аймағанова.

Прокурор Бишімбаевтың қылмыстың ізін қалай жасыруды ойластырғанына сенімді.