АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын береді
Оның тең жартысы ересектерге, қалған бөлігі балаларға арналған.Ашық НҚА порталында жарияланған ҚР Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімнің жобасында АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын беретіні айтылған.
Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге арналған болса, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балалар арасында пайдалануға арналған Pfizer екпесі. Оған қоса АҚШ Фармакопеясының талаптарына сәйкес Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.
Келісімге сәйкес, Қазақстан бұл гуманитарлық көмекті тек Қазақстан халқын вакциналауға ғана пайдалана алады. Яғни, вакциналарды сатуға немесе қайта экспорттауға тыйым салынады.
Еске салайық, 26 қазаннан бері Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны жоғарылады.
Оқи отырыңыз:
- Pfizer екпесін қандай жағдайда алуға болмайды? Мамандар ең өзекті сұрақтарға жауап берді
- "Балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынады". Pfizer вакцинасы туралы не білеміз?
- Қандай екпе аласыз? Коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға қажет мәліметтер