Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың бәріне сене бермеуге шақырды.

"Қазақ қоғамы есеюі керек. Интернетте шыққан нәрсенің бәрі шындыққа жанаспайтынын түсінуіміз керек. Өзге елдердің арасында жүріп жатқан ақпараттық соғыстың ойыншығына немесе құрбанына айналмауымыз керек. Өкінішке қарай, ондайды көріп алып, сеніп қалатын азаматтар жеткілікті. Соның кесірінен, өзіміздің күн тәртібі сырт қалып отыр. Бородавкин біредеңе депті, украиндық блогер бірдеңе депті деп шашымызды жұла берсек, басымызда шаш қалмайды", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты АЕК өлшемінен бас тартуды ұсынды


Осы ретте мәжілісмен желідегі ақпаратқа арандап қалмау жолдарын түсіндірді.

"Бізге фактчекиң мектебі керек. Ресей мен Украина, Армения мен Әзірбайжан соғысып жатыр. Олар жақсы болсын, жаман болсын, өздеріне қолдау тапқысы келеді. Олары адами тұрғыдан түсінуге болатын шығар. Бірақ мынаны түсіну керек: бұлардың артында жекелеген адамдар емес, арнайы қызметтер тұр. Онда арнайы әдістемені оқыған адамдар отыр, қандай эмоционал сөздерді айту керек, қазақтың намасын қоздыру үшін қандай тақырыптарды қолдану керек екенін жетік біледі. Себебі кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар. Осыны түсініп алсақ, соған тиісті жұмысті жүргізе білсек, арандатуға түсіп қалмайтын шығармыз", – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты: Ауылда жалған дипломмен сабақ беретін мұғалімдер көп


Айдос Сарым фактчек қызметіне мемлекеттік тапсырыс беру қажеттігін айтты.

"Бізде халықаралық жанжалға немесе экономикалық тақырыпқа, басқасына арналған фактчекиң қызметінің саны көбеюі керек. Мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігі фактчекиң қызметтерін құруға арналуы керек шығар. Кәсіби тұрғыда қарап отыратын, дер кезінде жауап бере қоятын. Сол сияқты жұмыстар бізге ауадай қажет", – деді депутат.