Аймағамбетов: Наурызда кешірімді болу мен мейірімділік таныту өте маңызды
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.Министр Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, мейірімді болуға шақырды.
"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке. Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны. Сол себепті бұл күні жақсы тілек айтып, кешірімді болу және мейірімділік таныту өте маңызды. Құрметті достар! Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық, татулық, әр шаңыраққа құт-береке, бақ тілеймін! Барлық игілікті істеріңіз табысты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Оқи отырыңыз:
- Аймағамбетов: Енді барлық балабақшада міндетті түрде бейнекамера болуы керек
- Білім министрі: Бізде жабылуы тиіс жоғары оқу орындарының "қара тізімі" жоқ
- Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды