Аймағамбетов: Мектепке алғаш жұмысқа тұратын педагогтер енді міндетті тестілеуден өтеді
2021 жылы пилоттық түрде тест тапсырған үміткерлердің жартысынан астамы қажетті балл жинай алмаған.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдау жүйесі туралы түсіндірді. Оның айтуынша, енді педагог қызметіне алғаш кірісетін мамандар міндетті біліктілік тестілеуден өтеді. Биылдан бастап түлектердің мектепке жұмысқа орналасуы үшін педагогикалық жоғары білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз. Енді оған қоса қосымша тестілеуден өту арқылы "Педагог" біліктілігін алуға міндетті.
"Мысалы, төрт жыл бойы математика мұғалімі мамандығын оқыған студент мектепке жұмысқа орналасуы үшін Ұлттық біліктілік тестін тапсыратын болады. Тестілеу сұрақтарында математика бойынша мектеп бағдарламасы мен сол пән бойынша сабақ беру әдістемесі қамтылады. Жоғары оқу орнында шын мәнінде төрт курс оқып, қажетті білім алған студенттерге тест тапсыру қиындық тудырмайды", – деді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мектеп салуда емес, салынатын мың мектепке 150 мың педагог дайындауда мәселе бар
Түрлі себептермен білімі мен қабілеті бала оқытуға жеткіліксіз болған түлектер білім беру ұйымдарына қабылданбайды.
Бұл жоба 2021 жылғы пилоттық түрде жүзеге асырылған болатын. Оның нәтижелеріне тоқталған министр тест тапсырған түлектердің 46 пайызы ғана қажетті балл жинағай алғанын атап өтті. Бұл – тест тапсырған 32 мың түлектің 15 мыңы ғана.
Бәрінен бұрын мұндай нәтиже жоғары оқу орындарын лицензиясынан айыру, профильдеу, білім беру бағдарламаларын жаңарту және басқа да бастамалар бойынша министрліктің қабылдап жатқан шаралары қажет әрі дұрыс екенін айқын көрсетіп отыр.Бұған дейін педагогтерді еліміздің 86 жоғары оқу орны даярлаған болатын. Министрлік атқарған жұмыстың нәтижесінде 30-дан астам ЖОО-ның педагогика бойынша лицензиясы қайтарып алынды. Біз лицензиясын қайтарып алған жоғары оқу орындарының түлектері тестілеу кезінде ең төмен нәтижелер көрсетті", – деп атап өтті білім және ғылым министрі.
- Оқи отырыңыз:
- Білім министрі: "Болашақта педагогтердің стипендиясы ең жоғары стипендия болады"
- Педагогті аттестаттаудың жаңа ережесі: Мұғалімдер неге эссе жазуға қарсы?