Әскери тұрғын үй төлемін алатындар тізімі толықты
Енді қызмет барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері де тұрғын үй төлемін алуға үміт арта алады.Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы әзірлеген Үкіметтің жаңа қаулысының жобасында бірқатар өзгерістер бар.
Егер бұрын тұрғын үй төлемдерін тек әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері алатын болса, енді бұл санатқа әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы мүшелері жатқызылмақ.
Алайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіруге жататын тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер енді тұрғын үй төлемдерін ала алмайды.
Сондай-ақ, ерлі-зайыпты отбасылардың да тұрғын үй төлемін алу тәртібінде өзгерістер бар. Бұрын тұрғын үй төлемін алу үшін олардың екеуі де әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері болуы талап етілсе, енді қызмет аясы кеңейді. Бұлардан бөлек, енді ерлі-зайыптылар ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері болса да, тұрғын үй төлемін алуына болады.
Оқи отырыңыз:
- Әскери қызметкерлерге баспана беру тәртібі өзгерді
- "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
- "Әскери баспана" бағдарламасына өтінім қабылдау қашан басталады?