Петропавлда әскери қызметкер әріптесінің оғынан қаза тапты. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

"12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда оғынан жараланды. Ол шұғыл медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ әскери қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады", – деп жазылған хабарламада.

Қызметтік тергеу тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Оқи отырыңыз: Үйге қайтуына 10 күн қалған: Түркістандағы шекара қызметінде сарбаз көз жұмды