Қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндігін талқылаймыз, деп мәлімдеді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова.

"Қазақстан – ол зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекемелер болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктен іздестіріп жатырмыз", – деді Гүлмира Кәрімова.

Комитет төрайымы бұл жерде әңгіменің хиджаб туралы емес екенін айтты.


Оқи отырыңыз: Білім министрі: Ата-анаға баласының жаман қылықтарын ғана айта берудің қажеті жоқ


"Түрлі ұсыныс түсіп жатыр, соның ішінде оларды өзіміздің отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар. Ең бастысы, бәрін орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігінің мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндігін талқылаймыз. Бұл эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікір бар екені рас", – деді комитет төрайымы.

Гүлмира Кәрімова, ең алдымен, балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алу қажеттігіне тоқталды.