Абай ауданында әкімдіктің әрекетсіздігінен 60 жоба жүзеге аспай қалған
Өңірдегі заң бұзушылықтарды уәкілетті органдар тексеретін болады.Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Абай облысында 2022 және 2023 жылдарға арналған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін қарауға арналған кеңес өткізді.
Өткен жылы облыстың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 568 миллиард теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өнімінің деңгейі 46,7 млрд теңгеге немесе 10,6%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы саласына барлығы 78,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп.
Әкімдіктер тарапынан шаралардың болмауы, жобалық құжаттаманың сапасыз әзірленуі және мердігерлермен сот ісін жүргізу салдарынан Абай ауданында 60 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылмаған. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, жылу, электр және сумен қамту жобалары бар.
Есеп палатасы мердігерлерге екі миллиард теңгеден асатын негізсіз төлемдерді де анықтады. Кәсіпорындар 28 құрылыс нысанындағы қажетті көлемдегі жұмыстарды және мемлекеттік мекемелерді жөндеу жұмыстарын аяқтамай, ақшасын алған.
Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды
2023 жылы Семей қаласының жолаушылар көлігі басқармасы қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік бағыттарының тарифтерін қате анықтаған. Осының салдарынан тасымалдаушыларға 1,3 млрд теңге субсидия негізсіз төленген.
Аудиторлар анықтады:
- 9,9 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар;
- 1,9 млрд теңгеге тиімсіз бюджеттік жоспарлау;
- активтерді тиімсіз пайдалану 57,3 млрд теңгеге;
- 687 процедуралық бұзушылықтар және 18 жүйелік кемшіліктер.
"238 заң бұзушылық бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді", – деп хабарлады Жоғарғы аудиторлық палатасы.