"Абай жолы", "Бір атаның балалары". Оқушылар демалыста оқитын кітаптар тізімі қандай?
Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген.Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқушылар жазғы демалыста оқуына болатын кітаптар тізімін ұсынады.
Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген.
1-4-сынып оқушыларына жас шамасына қарай қысқа ертегілер, қызық аңыз-әңгімелер, батырлар туралы шығармалар ұсынылды:
- Қазақ халық ертегілері;
- Ыбырай Алтынсариннің "Қара батыр", "Қарақылпаш", "Алтын емен", "Жәнібек батыр" ертегілері;
- Лаймен Фрэнк Баумның "Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал" ертегісі;
- Нил Гейманның "Коралинасы";
- Джордж Макдонльдтің "Қауырсын ханшайымы".
Оқи отырыңыз: Қазақ ертегілерін жақсы білесіз бе? Тест
5-9-сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бақытталған кітаптар тізімі жасалды:
- Абай Құнанбайұлының шығармалары;
- Мұхтар Әуезовтің "Көксерегі";
- Қазақ лиро-эпостық жырлары;
- Франсеск Миральес және Эктор Гарсианың "Игикайы" (жас саяхатшыларға арналған оқулық);
- Джером Дэвид Сэлинджердің "Жар жағалаған жалғыз" кітабы.
10-11-сынып оқушыларының рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін көркем әдебиеттер іріктелді:
- Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы;
- Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы;
- Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасы;
- Джек Лондонның "Ақ азуы";
- Мұхтар Шахановтың "Компьютербасты жарты адамдар" шығармасы.