Абай облысының Қытаймен шекарасында қазақстандық үшінші теміржол өткелі іске қосылады
Достық және Алтынкөл өткелдерінің қатарын Бақты теміржол өткелі толықтырады.Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалына арналған үшінші теміржол өткелін салу жоспарланып отыр. Ол Абай облысында Бақты – Тачен автомобиль өткізу пункті ауданында салынбақ. Бұл туралы Көлік министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.
Бақты өткелі Абай облысының Үржар ауданы мен ШҰАА Тачэн округінің Тачэн қаласын байланыстырады. Өткелдің Қытай жағындағы атауы – Покиту.
Құзырлы министрліктің түсіндіруінше, бұл президенттің тапсырмасы және "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында қолға алынған жоба.
Жаңа теміржол өткелі тәулік бойы жұмыс істейді және халықаралық жүк тасымалын жеңілдетеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар бүгіннен бастап Қытайға визасыз бара алады
Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі теміржол өткізу пункті (Достық және Алтынкөл) мен бес автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді. Олар:
- Қорғас;
- Қалжат;
- Достық;
- Бақты;
- Майқапшағай.