Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда

Сапар барысында президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді.

Сонымен қатар өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі.


Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазір облыстағы 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған төтенше жағдайлар министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар және қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су ағызылды.