Қазақстан қор биржасындағы 9 қаңтардағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 453,19 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 0,21 теңгеге, бір айда 5,3 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 453,5-454 теңгеден сатып алып, 455,5-456 теңгеден сатуда.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы барреліне 77,3 долларды құрайды.


Оқи отырыңыз: Алматының Мәскеуден де қымбат қалаға айналғаны рас па? Салыстырамыз