8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.Ертең, 8 ақпанда, мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Жиын барысында 2021 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдағаны туралы хабарлаған едік. Мемлекет басшысы жас шахматшының жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.