7 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 557—564 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505–512 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 7 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 507,2 теңге. Еуро 557—564 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 555 теңгеден сатып алынып, 565 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,85-6,00 аралығында саудаланып жатыр.