600 млн теңге: Павлодар облысында қоныстану бағдарламасына бөлінген қаражат жымқырылды
Тергеу амалдары жалғасуда.Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру) бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықталды. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.
"Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған", – деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалған. Халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған. Тек 6 ауданда ғана 600 млн теңгеның шығын анықталды.
Оқи отырыңыз: Квота саны өседі. Биыл тағы 362 қандас Қазақстанға қоныс аудара алады
Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізуде.