Қазақстанда 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

"17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тізімін бекітті, оның ішінде үш қала мен 42 аудан. Мәслихаттардың шешімі негізінде қарашаның бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада сайлау өтеді", – деді Нұрлан Әбдіров.

Кандидаттарды тіркеу 15 қыркүйекте басталып, сайлаудың өзіне 30 күн қалғанда 5 қазанда аяқталады.

Кандидаттарды:

  • саяси партиялар арқылы;
  • өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынуға болады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы туралы айтты.


Оқи отырыңыз: Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер мәжіліске өтті?


"Екі жылдан астам уақыт бойы ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін азаматтардың өзі сайлады. Енді бізге аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлауды сынақтан өткізу керек", – деді президент.