4 пайыздық автонесие неге әлі қайта іске қосылмады? Роман Склярдың жауабы
Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, қажет қаражат әлі жинақталмаған.Үкімет кулуарында премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиенің неге қайта жанданбай жатқанын журналистерге түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Роман Склярдың сөзінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қайта басталуы үшін қажетті мөлшерде қаражат жиналуы керек.
"Бәйтерек" холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады", – деді Роман Скляр.
Оқи отырыңыз:
- 4 пайыздық автонесие 20 қарашадан кейін қайта беріледі
- Жеңілдетілген автонесие: 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отыр